Тергеу іс-шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі.
Астанада күзетші мен жас жігіт арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты
636
оқылды

Астанада түнгі клубтардың бірінде күзетші мен клубқа келуші арасында болған жанжал жаппай төбелеске ұласқан, деп хабалайды қалалық полиция департаменті.

 

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «102» шұғыл байланыс желісіне Қарағанды тас жолы бойында бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 17 адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу түнгі клуб күзетшілері мен клуб жағалағандардың арасында болғанын анықтады. Жанжал барысында қатысушылардың бірі атыс қаруын қолданып, бірнеше рет оқ атқан.

«Тергеу іс-шаралары барысында полицейлер тегіс ұңғылы мылтықты тауып, тәркіледі. Аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі тұлғалар Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның қалған қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда», - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.