Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.
Қазақстанда қанша зейнеткер бар?
1,315
оқылды

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде, базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды. Бұл туралы Aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 305 мың адам.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр адамға жеке тағайындалады.