Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ басшылары ұсталды – Антикор
3,726
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында «Азық-түлік келісімшарттық корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінде жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Жемқорлықта «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-тың» өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшылары ұсталды.

Астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілерінің ісі әшкереленді.

Сонымен қатар жасалған қылмысты жасыру кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері пара беруге әрекет жасағандары анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Астана қаласында қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу кезінде олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді.

Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: atameken.kz