Ол БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген.
Африкалық бойжеткен Оралда интим-қызмет көрсетіп келген
690
оқылды

Оралда эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсетіп келген Батыс Африка азаматшасы анықталды. Ол БҚО тұрғыны ұйымдастырған притонда жұмыс істеген, – деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

 

«14 қыркүйек күні БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында өзінің жалдама пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 1990 ж.т. Орал қаласының тұрғынын анықтады», – делінген хабарламада.

Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 ж.т. бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.

ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.