2023 жылдың 4 қаңтарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Министр қызметінен 1 қыркүйекте босатылды.
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
19,043
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан  Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары  Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2022 жылы 14 наурызда Зүлфия Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, 2023 жылдың 4 қаңтарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Министр қызметінен 1 қыркүйекте босатылды.

 Фото: primeminister.kz