Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық Полиция басқармасына тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
2,578
оқылды

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық Полиция басқармасына тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады Алматы қалалық Полиция  департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында композитордың 4 қыркүйекте «Шаңырақ» шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын.

Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте қайтыс болғаны хабарланды.

Фото: видеодан алынған кадр/YouTube