Алматыда полицейлер қоғамдық орындарда рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды polisia.kz.
Алматыда қоғамдық орындарда түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды
560
оқылды

5-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. 103 жағдайда түкірген азаматтарға айыппұл салынды.

Осы деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңге болды.

Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңгеге 4 902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.