Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин тәжік спортшысы Мехрзод Суфиевті жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Дзюдодан Мағжан Шамшадин қола медаль иегері атанды
955
оқылды

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

"Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.