Ата-аналар балаларының теріс қылығы үшін кешірім сұрады.
Ақтауда жағалаудағы қоршауды сындырып жатқан балалар видеоға түсіп қалды
782
оқылды

Ақтауда жағалаудағы қоршауды сындырған балалардың ата-аналары кешірім сұрады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 қыркүйекте Ақтау қаласы жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының көмегімен үш баланың теңіз жағасында тұрған декоративті қоршауды бұзып жатқанын көрген.

Полиция балалардың ата-анасына хаттама толтырып, оларды жауапқа тартты.

Ата-аналар балаларының теріс қылығы үшін кешірім сұрады,

«Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жеткіншектердің кім екенін анықтаған. Олар қоршауды сындырған балалардың ата-анасын жауапқа тартып, заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Тәртіп сақшылары ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Белгілі болғандай, 11, 7, 6 жасар балалар ойнап жүріп жағалаудағы қоршауларды сындырған. Балалардың ата-анасы қоршауды қалпына келтіретінін айтты», – деп мәлім етті Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.