Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспеді.
Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына тағы бір айып тағылды
6,658
оқылды

Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да сот алдында жауап беріп жатыр. Бұл жолы ол рейдерлік жолмен ЖШС директорының кәсібін тартып алды деп айыпталды.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2019 жылы «Дипломат» қонақүйіне иелік етіп отырған К. есімді кәсіпкер А.Мұхамедиұлынан көмек сұраған. Мұхамедиұлы ол кәсіпкерге 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына ЖШС-ның 71% капиталын қайын енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Тергеу болжамына сәйкес, экс-министр сол кезде қонақүйді өз билігіне алуды жоспарлаған.

Мәміле жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өткен соң, А.Мұхамедиұлы К. есімді кәсіпкерден капиталдың қалған 29%-ын беруін талап еткен. Сәйкесінше, кәсіпкер бас тартқан. Кейін айыпталушы «Дипломат» қызметкерлеріне өзін осы кешен иелерінің бірі ретінде көрсетіп, олардан ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеуін тапсырған. Деректерге сай, артынша А.Мұхамедиұлы серіктестік қатысушыларының жиналысын ұйымдастырып, хаттаманы қолдан жасап, ЖШС басшысы атанады.

Сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағылған айыппен келіспеді.