Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өңір басшылығы, жергілікті мемлекеттік қызметшілермен және жастармен бірқатар кездесу өткізді.
Абайдың «Пайда ойлама ар ойла» деген сөзін өмірлік қағидаға айналдыру керек - Жазықбаев
755
оқылды

Өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездесуде агенттік төрағасы облыстың мәдени және тарихи орталық ретіндегі рөлін атап өтті: «Мәдениетке бай Абай облысы еліміз үшін ерекше маңызы бар өлке. Мұнда ұлы Абай өз ойларында «Адал азамат» идеясының негізі болған «Толық азамат» қағидатын қалыптастырды. Облыс тарихы аймақ пен елдің игілігі үшін қызмет ету ісінде мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың қайнар көзі болуға тиіс.

Кездесуде МҚІА басшысы ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында агенттікпен іске асырылып жатқан шараларға тоқталды. 

Сапар аясында Дархан Жазықбаев ашылуына алты ай болған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының жұмысымен танысты. Бүгінде филиал өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсіби даярлығын арттыруда маңызды рөл атқарып отыр.

Сондай-ақ агенттік басшысы жергілікті халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының қызметімен танысты. Атап өту керек, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында Абай облысында 3,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Дархан Жазықбаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, клиентке бағдарлануды қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті органдар арасындағы тығыз өзара іс-қимыл маңыздылығын атап өтті. Бүгінде Агенттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қызмет алушылардың шағымдарын күтпестен мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан проактивті мониторинг жүргізеді.

 Шәкәрім атындағы университетте Дархан Жазықбаев облыс жастары, жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметке жас және талантты кадрларды тарту, оның ішінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелеріне тоқталып, бүгінде мемлекеттік қызметке инновациялық және креативті ойлайтын жас мамандар қажет екенін ерекше атап өтті.

«Мемлекеттік қызметке келуде басты мақсат жеке мансаптық амбицияларға емес, ең алдымен қоғамдық мүдделерге негізделуі керек. Абай атамыз «Пайда ойлама ар ойла», ал Шәкәрім атамыз «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» деген. Осы тағылымды сөздерден үлгі алып, өмірлік қағидаға айналдыруға болады»,  деп қорытындылады агенттік төрағасы.

Кездесуге қатысушыларды мемлекеттік қызметте ашық және әділ ілгерілету мәселелері қызықтырды. МҚІА басшысы  дәстүрге айналған реттілік бойынша университетке кітаптар табыстады.

Жұмыс сапарының соңында Дархан Жазықбаев агенттіктің заңнамалық бастамаларын іске асыру және алдағы жоспарлары туралы  Semei телеарнасына сұхбат берді.