Марат Қарабаев "Астана–Алматы" тасжолын жаңарту жұмыстары ұзаққа созылып кеткенін, бұл жолдың жақын арада ашыла қоймайтынын мойындады, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана–Алматы тасжолының құрылысы қашан аяқталады?
1,009
оқылды

Журналистер 2023 жылғы 28 қыркүйектегі брифинг барысында министрден "Астана–Алматы" тасжолын қайта жаңарту жұмыстарының неге ұзап кеткенін, мұның себебі неде екенін сұрады. Көлік министрінің айтуынша, мәселе мердігерлік ұйымдарда көрінеді.

"Бұл шынымен де ұзаққа созылған құрылыс болды, ол үшін тағы да кешірім сұрағым келеді. Мәселе мердігерлік ұйымдарда болып табылады. Біз халықаралық қаржы институттарының қаражатын пайдаландық", - деді Марат Қарабаев.

Жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайтын көлік дәлізі бірнеше учаскеге бөлінген. Министрдің айтуынша, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерінде айналма жолдар қарастырылған.