Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды
1,429
оқылды

Жетісу облысында зейнеткер ер адам ұлын өлтірді деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлады polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек Кербұлақ ауданында тіркелген. 28 қыркүйекте алыстағы шаруа қожалығының аумағында зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар жас жігіттің мәйіті табылды. Полицейлер оны өлтірді деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады.

"Ұсталған азамат – жәбірленушінің туған әкесі. Алдын ала мәлімет бойынша, дастархан үстінде алкогольдік ішімдік ішудің аяғы жанжалға ұласып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған", – делінген Кербұлақ аудандық полициясының хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Halyq Uni