Қазақстан құрамасының спортшысы Бекәділ Шаймерденов "кураш" күресінен күміс медаль еншіледі.
Азиада: Қазақстан балуаны Бекәділ Шаймерденов күміс медаль иеленді
831
оқылды

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда отандасымыз өзбекстандық балуан Үмид Есановтан жеңіліп қалды.

Бұл – Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының еншісіндегі бесінші күміс жүлде.

Сондай-ақ, бүгін, 1 қазанда стенд атудан трап бағдарламасы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.