Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті.
Азия ойындары: велошабандоз Алексей Луценко алтын жүлде иегері атанды
1,540
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол 39,6 шақырымдық уақыт бойынша жекелей жарыста үздік атанды.

Луценко қашықтықты 48:05,75 нәтижемен бағындырды.

Қытайлық велошабандоз Сюэ Мин мәреге екінші келді.

Үшінші орынды Винсент Ван Лау (Гонконг) иеленді.

Айта кетсек, Алексей Луценко 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.

Фото: olympic.kz