Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,25 теңге болды.
Қор нарығында доллар бағамы 0,90 теңгеге арзандады
1,215
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,25 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,35 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 479,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 480 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,69- 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,90 теңге.