Елена Рыбакина қарсыласын 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде ресейлік жас теннисшіні жеңді
1,044
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қазақстандық теннисші бұл айналымда ресейлік 16 жастағы теннисші Мирра Андреевамен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 50 минутқа созылған матч кезінде 10 эйс пен екі қос қате жасады. Сонымен бірге бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.