Алматы қалалық тәжірибелі заңгерлер палатасының мүшесі, заңгер Роза Өміртай бүгінгі мерекемен ұстаздарды құттықтап, олардың мерейі үстем бола беруін тіледі.
Роза Өміртай: Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есеге өсті
559
оқылды
Ұстаздар мерекесі құтты болсын! Президенттің бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есеге өсті.
Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Сонымен қатар ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды (42 күннен 56 күнге). Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынды.
Бүгінде ұстаздың алдынан өтпеген адам жоқ шығар. Мерейлеріңіз үстем бола берсін, қадірлі ұстаздар!, – деді ол.