Елімізде діни киім киюге шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Елімізде дін туралы заңға өзгертулер енгізіледі
703
оқылды

"Әрине, шектеулер қойылады. Кем дегенде қоғамдық орындарда. Бұл – Ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан бүкіл әлемдік тәжірибе ескеріледі", деп түсіндірді Аида Балаева.

Сонымен қатар жылдың басынан қыркүйек айының соңына дейін интернетте терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын 14 860 материал анықталғанына тоқталды.

Балаеваның сөзінше, бұл теріс діни ағымдарға қатысты жұмысты күшейту керек дегенді білдіреді. Ал заңға түзетулер немесе жаңа заң жобасын әзірлеу біраз уақытты алатынын айтты.

"Мәселе халықтың діндарлығында емес, діни сауатсыздықта. Әрине, бүгінде біз дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенді жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Бұған қарсы министрліктің жұмысы үш бағытта жүргізіледі. "Дін туралы" заңның жекелеген нормаларын қайта қарайтын боламыз. Біздің қолданыстағы заңымызда "деструктивті діни ағымдар" деген ұғым жоқ. Біз барлық тармақтар бойынша жұмыс жүргізуіміз керек. Әрине қоғамның пікірін де өте мұқият зерттейміз", - дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.