58 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Аikyn.kz pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды
456
оқылды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.

"Ер адам сейфте аңшылық мылтықтарымен бірге алтын бұйымдарын сақтаған. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлады департамент.

Сондай-ақ иесін қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын қайта даярлауға мамандандырылған оқу орталығына жіберу туралы қаулы шығарылды. Қару тәркіленді, оқу курстары аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар жойылған соң қайтарылатын болады.