Жасөспірім жазасын кәмелетке толмағандарды ұстайтын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.
Семейде құрдасын өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты
767
оқылды

Семейде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz abainewskz порталына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға 6 маусымда «Мұрат» саяжайында болған.

Ресми мәліметке сәйкес, кәмелет жасқа жетпеген екі бала болмашы мәселеге жанжалдасып, оның бірі қарсыласының мойнына пышақ сұғып алған.

Жарақат алған жасөспірім сол күні медициналық мекемеде көз жұмады. 

18 қыркүйекте Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған жас балаға адам өлтіргені үшін ҚК 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын кәмелетке толмағандарды ұстайтын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.