Зардап шеккен бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Оралда 3 жасар сәби балабақшада сорпаға күйіп жансақтау бөлімінде жатыр
1,019
оқылды

Оралдағы Балбөбек балабақшасында 3 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

 

Қазір істің мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бала сол бойда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Басы, кеуде тұсы, аяқ-қолы жалпы денесінің 25 пайызын күйік шалған. Жазатайым оқиға бойынша іс қозғалды.

«Келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Беті, алдыңғы кеуде қабырғасы, екі аяқ басы, екі саны, шатарал аймағы ІІ-ІІІ дәрежелі күйікпен келіп түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр. Керек ем-жарақтары, шоковый жағдайдан шығу сатыларынан емін алып жатыр», – деді Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің басшысы Болат Әлібаев.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев