Өнер иесі болған оқыс жағдайдан кейін өзіне жазып, алаңдап жатқан оқырманға алғысын білдірді.
Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
10,177
оқылды

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан жолда апатқа ұшырады.

Майғазиев жол апаты туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір”, – деді Сәкен Майғазиев.

Өнер иесі болған оқыс жағдайдан кейін өзіне жазып, алаңдап жатқан оқырманға алғысын білдірді.