Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус суықтан 10 градусқа дейін жылы болады.
19-21 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
9,206
оқылды

«Қазгидромет» РМК 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Синоптиктер болжамынша, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Біртіндеп солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай аумаққа жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда әлі де ашық ауа райы сақталады.

Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус суықтан 10 градусқа дейін жылы болады.

Күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градус жылыдан 5-10 градус суыққа дейін төмендейді.

Фото: celes.club