Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Еліміздің он облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
3,228
оқылды

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

20 қазан күні Ақтөбе облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының орталығында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман болады.

Семей, Риддер және Өскемен қалаларында болжанып отырған күн райына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Фото: elements.envato.com