Солтүстік-батыста ауа температурасы 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін төмендейді.
"-7 градусқа дейін суытады":  24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
6,606
оқылды

Синоптиктер 24-26 қазан аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың әсерінен алғашқы ызғар мен түнгі уақытта аяз сезіле бастайды.

Республика бойынша екпінді жел соғып, жауын-шашын жауады. Кей өңірде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Скандинавия түбегі аудандарынан суық арктикалық ауа массаларының кіруіне байланысты батыста, солтүстік-батыста және елдің солтүстік аймақтарында күн күрт суытады. Мәселен, республиканың батысында түнде ауа температурасы -6 +3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін, еліміздің солтүстігінде -5 +5 градусқа дейін болады», – делінген хабарламада.

 
Фото: elements.envato.com