Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.
Азия пара ойындарында қазақстандық велоспортшылар жүлдегер атанды
895
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды,-  деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда мүшелері: Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49.

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе ( 23:13.71), күміс медаль индонезиялық пара велоспортшыларға бұйырды (25:12.17).