Бас прокуратура өкілі кәсіпкердің нақты қашан бостандыққа шығатынын айтты.
Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды
741
оқылды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бостандыққа қашан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жақында апелляциялық сот нәтижесінде Қайрат Боранбаевтың жазасы жеңілдетіліп, босап шығатыны белгілі болған еді. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін Бас прокуратура өкілі кәсіпкердің нақты қашан бостандыққа шығатынын айтты.

Қазіргі таңда соттың шешімі қабылданды. Соттың шешімі заңды күшіне енген кезде бостандыққа шығады. Қазір нақты қай күні шығатынын айта алмаймын, есімде жоқ. Бірақ соттың шешімі бір апта бұрын қабылданды десек, содан бастап он бес күндей күту керек. Яғни, бір аптадан кейін шығуы мүмкін,  деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ “газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды” деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.