Күдікті ретінде 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Атырау тұрғынынан 100 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді
1,852
оқылды

Атырауда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынынан 96,3 келі бекіре тұқымдас бағалы балық түрін тәркіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментніңі баспасөз қызметі 10 қыркүйек пен 31 қазан аралығында «Бекіре-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын мәлімдеді.

«Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 17 қазан күні бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатып, тасымалдады деген күдікпен 48 жастағы тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде оның Дамбы ауылында тұратыны анықталды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 96,3 келіні құрайтын 27 бекіре тұқымдас балық тәркіленді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.