Ұлттық банктің 27 қазанға арналған ресми бағамы.
27 қазанға арналған валюта бағамы
2,620
оқылды

Ұлттық банк 27 қазанға арналған валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 473 –478 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Kurs.kz мәліметінше, елордалық валюта айырбастау орындарында 1 доллар құны – 473 – 478 теңге болса, Алматыда доллар бағамы 474,9 – 478,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 476,28 теңге.

Ресей рублінің орташа бағасы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 рубль 4,93 – 5,11 теңге аралығында саудалануда.

Астанада ресейлік валюта 4,92-5,07 теңгеден сатылып жатыр.

 

Фото: kapital.kz