Сағат 15.00 жағдай бойынша әлі 18 кеншіні іздеу жалғасып жатыр.
Костенко шахтасында 28 кеншінің мәйіті табылды – ТЖМ
845
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко кенішінде 28 адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сағат 15.00 жағдай бойынша әлі 18 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды”, – делінген хабарламада. 

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.