Оның айтуынша, шахтаның шығыс бөлігінен 14-15 адамның денесі табылған.
13 кенші неге табылмай жатыр? – Апаттық құтқару қызметінің өкілі түсіндірді
1,110
оқылды

Апаттық құтқару қызметі директорының орынбасары Жұмат Өкенов жарылыс болған кеніштегі зардап шеккен азаматтарды іздеу жұмыстарының барысымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“6 адамды шығардық, 11 адамды бір сағаттың көлемінде шығарамыз. Шығыс жағынан тағы адамдарды тасымалдап жатырмыз. Бұлар табылған 33 кеншінің қатарына кіреді. 13 адам мүлде табылмай жатыр. Кейбір мәйіттерді, тіпті тану мүмкін болмай жатыр. Бөлшектеніп кеткен, аяғы бір жақта, басы бір жақта. Сол себептен аты-жөнін хабарлау әзірге қиын болып тұр.

Қазіргі кезде өрт толықтай сөндірілді. Бастапқы кезде бұл да бізге кедергі келтірген болатын”, – деді маман.

Жұмат Өкеновтің сөзінше, бұған дейін табылған 33 адамның денесі көзге көрінетін беткі жақта жатқандықтан табылған. Қалған 13 кеншіні табу қиынға түсіп тұр, олар үйінді астында қалуы да мүмкін.