Шығыс Қазақстан облысында тасжол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шығыс Қазақстанда тасжол жабылды
5,735
оқылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды. Дауыл соғып, жол көрінбейді. Сондықтан облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған тасжолдың 63-145 шақырымында жүк көліктерінің, тіркемелері және жартылай тіркемелері бар тракторлардың қозғалысына тыйым салынды. Құтқарушылар жүргізушілерден қауіпсіздікті сақтауды, барынша абай болуды сұрайды.

Осы ретте ТЖД қызметкерлері азаматтарға көліктің жазғы дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстыруға кеңес берді.