Қазан айындағы бағаның төмендеуі жаз мезгілінен басталған.
Елімізде пәтер жалдау құны арзандай бастады
1,549
оқылды

Қазан айында пәтерді жалға берудің орташа құны қыркүйекпен салыстырғанда 2,2% арзандаған,   деп хабарлайды Aikyn.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру құны бойынша 13 қалада мониторинг жүргізіліп, оның 8-інде бағаның арзандағаны белгілі болды. 

Қазан айындағы бағаның төмендеуі жаз мезгілінен басталған.

Ал бағаның ең қатты қымбаттаған кезеңі шілде-тамыз аралығын қамтиды. Ол уақытта ай сайынғы жалдау құны 4-7 % өскен.

Кейінгі бір айда пәтер жалдау құны Ақтөбеде –  7%, Петропавлда     6%, Ақтау, Қостанай, Көкшетауда    5%, Алматы, Қарағандыда    4% және Астанада   1% құрады.

Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға біршама өсті.

Пәтер жалдау құны бойынша ең қымбат қала    Алматы. Онда шамамен бір шаршы метр жер    6 мың теңге.  Ал ең арзан баға    Ақтауда. Онда шаршы метріне 2 632 теңге алады.

Бағаның өсу қарқынын қаңтар айынан бастап қарайтын болсақ, 10,3% қымбаттаған.