Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып, аман алып қалды.
Түркістанда оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды
1,302
оқылды

Otyrar сайтының хабарлауынша, оқиға 14 қазан күні болыпты. Балалар дәл сол күні өзен жағасында жүрген екен. Содан біреуі суға батып бара жатқан әйелді байқап, екіншісін көмекке шақырыпты. Оныншы сынып оқушысы Әлен Мейірбек көпірден өзенге секіріп, әйелді құтқарып, жағаға шығарған.

– Ағам өзен жағасында телефонмен сөйлесіп отырғанда, суға батып бара жатқан әжені көрген. Басында көңіл бөле қоймаған, "суға батып жатыр" деп ойламаған. Сосын мән беріп қарап, бізді көмекке шақырды. Бірден Машат өзеніне қарай жүгірдім де, көпірден суға секіріп, әжені жағаға шығардым, – Әлен Мейірбек.

Содан Әленге бауыры Құрмет көмекке келіп, егде әйелге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыртқан.

Суға батып кете жаздаған әйел 78 жастағы зейнеткер болып шықты. Кенеттен аяғы тайып, суға құлаған. Сөйтіп, қатты ағыс оны суға алып кеткен.

"Науқас жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, ем тағайындалды. Қазір әйелдің халі жақсы", – дейді Түлкібас аудандық орталық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Қалибек Абылайұлы.

Зейнеткерді құтқарып қалған балаларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі марапаттады.

фото: zakon.kz