Кейінгі жылдары елімізде жылқы етінің өндірісі қарқынды дамып келеді.
Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ
1,006
оқылды

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында франциялық делегациямен өткен келіссөздің кей тұсына тоқталып өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция – жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», – деді вице-премьер.

Серік Жұманғариннің айтуынша, елімізде жылқы етінің өндірісі қарқынды дамып келеді.

«Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста – Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік стансалар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашпақшымыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады», – деді Серік Жұманғарин.

 

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов