Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды.
Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті
4,128
оқылды

Бас прокуратура елордадағы мектептерді жаппай тексеруге кірісті. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

 

Білім ошақтарындағы қауіпсіздік талаптары қалай орындалатынын қарашаның соңына дейін бақылайды. Арнайы жұмысқа 70-тен астам құзырлы орган өкілі жұмылдырылған. Олар полиция, әлеуметтік қорғау инспекциясы, төтеншеліктер және білім беру ұйымдарының қызметкерлері. Қазір Астанада 98 мемлекеттік, 60-қа жуық жекеменшік мектеп бар,  деп жазады qazaqstan.tv.