Оның дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығына дейін түскен.
Абай облысында колледжге оқуға кеткен 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
3,887
оқылды

Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері колледжге оқуға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен қызды іздестіріп жатыр.

Валерия Ефанова 2 қараша күні сағат 08:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қазіргі уақытқа дейін қайта келмеген.

Бойжеткеннің үстінде ақ түсті күрте, ақ түсті аяқкиімі, ақшыл түсті сөмкесі болған.