Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты.
Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы  қыз табылды
815
оқылды

Ол 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлер мен жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Жоғалған қыз 12:00-ге қарай бір-ақ табылған.

Қазіргі уақытта қыздың өзімен және оның заңды өкілімен психологтар профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

"Қыздың мінез-құлқы Семей әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады", – деп жазды Polisia.kz

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған едік. Жасөспірім 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, оралмаған еді.