Олардың бәрі апат болған жерде көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды.
Өскемен маңындағы жол апатынан үш адам қаза тапты
540
оқылды

Өскемен қаласының іргесіндегі тасжолдағы жол апаты үш адамның өмірін қиды. Оқиға сенбі, 4 қарашада болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

4 қарашада сағат 11:20 шамасында Өскемен – Рахман қайнары тасжолында Toyota Camry және Mitsubishi жүк көлігі соқтығысты, – деп жазды аltaynews.kz.

"Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Апат салдарынан үш жолаушы қаза тапты. Олардың бәрі апат болған жерде көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды.

Полицейлер өңірдегі ауа райының күрт өзгеруі жолдарда ерекше сақтықты қажет ететінін атап өтті.