Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осыдан 14 жыл бұрын Тараз қаласында тонау және бұзақылық қыдмыстарын жасағаны үшін оған іздеу жарияланған.
Таразда 14 жыл бойы халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды
2,295
оқылды

Жамбыл облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылдан бері 14 жыл бойы ҚР Қылмыстық Кодексінің 178-бабы 2-бөлігі, 257-бабы 3-бөлігі (ескі редакция) бойынша іздеуде жүрген 49 жастағы Ө. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Aikyn.kz

Азамат бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалап келген.

7 қараша күні жамбылдық полицейлер арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азаматты Алматы қаласындағы фитнес залдарының бірінен ұстаған. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне өзін ағасының есімімен таныстырған. Анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы да Жамбыл облысының полиция департаментіне жеткізіледі. Олардан саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң іздеудегі азамат Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынады.

Бұған дейін Жамбылда ақша жымқырған шенеунік бір үкімнің үстіне екіншісін жамап алғанын жазған болатынбыз.