Әлеуметтік желілерде Қайрат Оразбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Атырау облысының прокуратурасы қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысты Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Атыраудың бұрынғы әкімі қандай күдікпен ұсталды?
742
оқылды

Атырау облысының прокуратурасы Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев қандай күдікпен ұсталғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қадағалау органы Атыраудың бұрынғы әкімі осы іс аясында 2023 жылғы 9 қараша күні ұсталғанын растады.

10 қарашада Атырау облысы прокуратурасының сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды. 2023 жылғы 9 қараша күні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаев ұсталды", – деп жазды Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.