Болат Назарбаев Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінген.
Болат Назарбаевты қайда жерлейтіні белгілі болды
1,307
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайда жерленетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Болат Назарбаев есін жиған кезде оны марқұм ата-анасының жанына, яғни, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының жанындағы рулық қорымға жерлеуді өтінген.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын жерлеу орны ашық болған, қазір ол жер қоршалған, сондай-ақ стационарлық бекет орнатылған.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бүгін 71 жасында дүниеден өтті.

Алматы Орталық клиникалық ауруханасы 13 қараша күні сағат 9:28-де оның жүрегі тоқтағанын хабарлады.