Тойда Қайрат Нұртас та ән салып, қонақтардың көңілін көтеріп жүр, бірақ әлеуметтік желілерде таралған видеода оның әйелі Жұлдыз мүлде көрінбейді.
Олар ажырасып кеткен – Қайрат Нұртастың інісінің тойында Жұлдыз неге жоқ?
22,099
оқылды

Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғардың өткен жексенбі күні үйлену тойы болды,-  деп жазды Aikyn.kz.

Алайда әлеуметтік желіден тойдың барысын бақылап отырған көпшілік әулеттің үлкен қуанышына Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың ортақтаспағанын байқаған.

Оңтүстік астанадағы танымал мейрамханалардың бірінде өткен дастарқанға  шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздар көптеп жиналған. Бейнежазбалардан жаңа түскен келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашқанын көруге болады.

Тойда Қайрат Нұртас та ән салып, қонақтардың көңілін көтеріп жүр, бірақ әлеуметтік желілерде таралған видеода оның әйелі Жұлдыз мүлде көрінбейді.

«Жұлдыздікі дұрыс болмапты, реніштің бәрін жинап, келуі керек еді», «Неге тойда Жұлдыз бен балалары жоқ? Қайрат жалғыз өзі жүр», «Жұлдыз келмесе, Қайраттың басқа әйелі бар болғаны ғой», «Өзі келмесе де, балаларды жіберу керек еді», «Жұлдыз ешбір тойына барған жоқ», «Айттым ғой, Жұлдыз бен Қайрат екі бөлек тұрады, ажырасып кеткен. Тек Қайраттың өзі араласады» деп жазған желі қолданушылары.