Облыс әкімі өңір халыққа қандай жұмыс берсең де істеп, табыс табатынын айтты.
Түркістан облысының әкімі: Халқыма жұмыс берсе, тынбай істейді
1,396
оқылды

"Әкімге үш сұрақ" деген Арман Давлетияровтың блиц сауалнамасына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауап берді.

- Біріншіден, бізде халық саны өте көп. Міне, сол халқыммен мақтанамын. Бізде ең көп тұрғын, яғни 2,2 млн халық бар. Екіншіден, біз – халықтың дәстүрін сақтап қалған өңірдің біріміз. Түркістан – Орталық Азиядағы терең тарихы бар, ең көне қалалардың бірі. Бұл жерде қазақ халқының тарихын шешетін көптеген тарихи шешім қабылданған. Қазақ хандарының ордасы болған. Хандар осы жерде жерленіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де осында орналасқан. Олардың барлығы текті адамдар болған», – деді ол.

Облыс әкімі өңір халыққа қандай жұмыс берсең де істеп, табыс табатынын айтты.

«Халыққа қандай жұмыс берсең, тынбай істейді. Ауылды жерде тұратын жұрт күнде еңбектеніп, отбасын асырап отыр. Бала туу көрсеткіші бойынша да біздің облыс көш бастап тұр. Әрбір алтыншы бала Түркістанда дүниеге келеді. Әрбір үшінші көпбалалы ана біздің өңірде тіркеледі», – деді ол.

Дархан Сатыбалды облысты дамыту бойынша жоспар өте көп және оларды жүзеге асыру жалғаса беретінін айтты.