Іздеуге Vita еріктілері мен жергілікті тұрғындар қосылды.
Павлодарда 7 жасар қыз жоғалып кетті
Фото: polisia.kz
1,203
оқылды

Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздеп жатыр. Қыздың жоғалғаны туралы арыз Екібастұз қаласының полициясына 17 қарашада сағат 21:15-те түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дереу дабыл бойынша полицияның жеке құрамы көтерілді, баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратылды, іздеуге Vita еріктілері мен жергілікті тұрғындар қосылды.

Полиция сағат 16:00 шамасында 39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына баруға шешім қабылдағанын анықтады. Қызы Милана онда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауылдық округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы. Бойы 128-130 см, дене бітімі арықша келген, көзі қоңыр, шашы ақшыл. Үстінде қара күрте, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті күрте, қара етік.