Әлеуметтік желіде сан мың тұлпарды тізгіндеп, арлы-берлі ағылған көкпаршылардың суреттері мен видеолары таралуда.
Салымға әншілер – 1 миллион, Заттыбек – 300 мың теңге... Мейрамбек Беспаевтың көкпарына қанша теңге тігілді?
Фото: Юрий Ким
18,382
оқылды

Мұны көрген жұрт “Бұл не сурет? Құдай-ау, құдды бір көркем фильмнің түсірілімі секілді ғой!” деп таңырқап жатқаны рас. Бұл туралы журналист, экс-депутат Мейрамбек Төлепберген жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл Тараз қаласы маңындағы Атшабар. Кәдімгі көкпар. Көрермендер мың сан…

Әйгілі әнші, осы заманның ең атақты өнерпазы Мейрамбек Беспаевтың ұйымдастыруымен, қолдауымен өзінің туған жерінде ұлттық ат спорты мен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен ең алапат, ең ауқымды ат жарысы болды.

Бұл ел ішінде “БАТА КӨКПАР” деп аталады.

Ел мен жеріміздің көркеюіне, ақ жаулықты аналардың көп бала сүюі мен балаларымыздың бақытты ғұмыр кешуіне ақ бата тілеуден басталатын ниеттің қабыл болуына жол ашу деп біледі", – делінген жазбада. 

Бұл шамамен алтың мың адам қатысып, тамашалаған көкпар болды. Жалпы көкпар салымына 25 миллион теңге қойылды.

"Жалпы Алатау мен Қаратау баурайында көкпар тартпайтын жастар кемде-кем.

Әулиеата көкпаршылары еліміздің 12 дүркін жеңімпазы екенін жақсы білеміз. Атақты көкпаршы, атбегі Нәби Момыновтың бүгінгі ұрпақтары мен ізбасарлары дүрілдеп тұр. 

Ал ел әншісі Мейрамбек және оның достары кіл мықты жігіттер өнерімен өтетін мерекенің рухын асқақтатқан күн халық есінде ерекше қалпында сақталатыны анық.

Жамбылдық әйгілі фотограф Юрий Ким достың мына көркем бейнеленген туындысы “Байтақ даланың рухы мен еркіндігі” дегендей емес пе, қараңызшы зейін қойып!", – дейді Мейрамбек Төлепберген.

Интернет желісінде көкпар барысынан бейнежазбалар тарап жатыр. Олардан салымға ақша тіккен әншілердің ішінде Ғазизхан Шекербеков – 1 миллион теңге, Ернар Айдар – 1 миллион теңге, Серік Ибрагимов – 1 миллион теңге, Сәкен Майғазиев – 1 миллион теңге, Заттыбек – 300 мың теңге бергенін естуге болады.