Қазіргі уақытта Семей – Қайнар тасжолының 220-268 шақырымдар аралығындағы учаскесін жақсарту жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Семей-Қайнар тасжолының құрылысы қашан аяқталатыны айтылды
1,054
оқылды

Бұған дейін жол пайдаланушылары мен қоғам белсенділерінің тарапынан аталған жолға қатысты көптеген сын айтылып,  шағымдар түскен болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олар 9 елдімекенді қаламен байланыстыратын автомобиль жолының сапасы мүлдем сын көтермейтінін алға тартып, жөндеу жүргізуді сұраған еді.

Жол құрылыс жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жоспары 2023-2024 жылдар аралығын қамтиды. Барлық жол жұмыстары «QAZSAURAN» ЖШС бақылауында екенін айта кеткен жөн.

Биылғы жылдың қыркүйегінде цемент қосу арқылы ресайклерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта қалыңдығы 5 см болатын ыстық асфальтбетон қоспасынан жабын төселіп жатыр.

Барлық жұмыстарды аяқтау 2024 жылға көзделген.