Атырау-Орал тасжолында жылдамдықты асырған жүргізушіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері ауаға оқ атуға мәжбүр болған. Бұл туралы ІІМ ресми сайты хабарлады.
Полицейлер жүргізушінің көлігіне оқ атуға мәжбүр болған
lada.kz
904
оқылды

Ведомство мәліметінше, 17 қараша күні сағат 11:45 шамасында Атырау-Орал тасжолының 183 шақырымында DALMLERCHR SLER көлігінің жылдамдық асырғаны анықталған. Алайда көлік жүргізушісі патрульдік полицияның заңды талабына бағынбады. Нәтижесінде, Индербор кентінен қызметтік көліктердің алдын бөгеуімен тоқтатылған.

Көлік тоқтатылған соң, жүргізуші қашып құтылмақ болған. Сөйтіп тәртіп сақшысының оң аяғын басып, жол бойындағы апаттық жағдай тудырған. Инспектор ескерту мақсатында заңға бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне және аспанға екі реттен оқ атқан. Содан көлік тоқтатылып, 1989 жылы туған жүргізушісі медициналық сараптамадан өткізілді.

Соның арқасында жүргізушінің мас болмағаны және көлік өзінікі емес екені анықталды. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 592-бабы 2-бөлігімен, 601-бабы 1-бөлігімен, 606-бабы 1-бөлігімен, 613-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігімен, яғни билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды.