Олар екі ел арасындағы әдеби байланысты нығайтуға күш салып жүр.
Қазақ-әзербайжан достығына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды
963
оқылды

«Мәңгілік одақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (Әзербайжан) Шахин Әлиев – әлемдік әдеби қозғалысты дамытудағы және халықтар достығына қосқан үлесі үшін, «Қазақстан халықтарының әдеби Азиясы» халықаралық байқауы қазылар алқасы мен халықаралық достастық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бахит Рустамов халықаралық дипломмен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Біз ұлттар арасындағы достыққа үлес қосқысы келетін әртүрлі елдердің белсенді жастарын қарсы аламыз. Ал бұл бағытта олардың кейбіреуі өз мүмкіндіктерінің арқасында жер бетінде адамдардың тату-тәтті, бейбіт өмір сүруі үшін барлығын жасап жатыр. Сондай белсенді жандардың бірі – Шахин Әлиев (Әзербайжан), ол алдағы уақытта да іргелі істердің ұйытқысы болатыны сөзсіз. Оның біздің ұжымның ісіне қосқан үлесін ескере отырып, тиісті халықаралық дипломмен марапаттаймыз. Оған халықаралық жастар ісінде табыс тілейміз!» – деп жазды Халықаралық қоғамдық дипломатия достастығы мекемесінен.